A+ A A-

talgatzhan 32 31-01-2025, 10:00 0

Өскеменде Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған байқау жарияланды

Бүгін / Өскемен

О.Бөкей атындағы кітапхана жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған байқау жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған «Жарық дүние» республикалық әдеби байқауын жариялаймыз. Жанры – әңгіме. Еліміздің барлық аймағынан 20-50 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады. Шығармаларыңызды 2025 жылдың 1 ақпанынан – 1 тамызына дейін ukcbs@mail.kz электрондық поштасына жолдай аласыздар, - дейді кітапхана мамандары.

Байқаудың ережесімен кітапхананың bokeylibrary.kz сайтында танысуға болады. Сауалдарыңыз болса: 8-7778550705,

8(7232) 25-17-70 немесе кітапхана директорының орынбасары Жиенбекова Жанат Мәуітқызына 87074949883 (whatsapp) телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыздар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив