ШҚО Қаржы басқармасының басшысы Светлана Большакова 2024 жылға арналған облыс бюджеті туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір бюджетінің кіріс бөлігі 218,3 миллиард теңгені құрады. Яғни жоспар 102,3%-ға орындалды. Ал шығыс бөлігі 99,8%-ды құрап, 582,4 миллиард теңге игерілді.
- Үкімет резервінен бөлінген 19,2 миллиард теңге толық көлемде игерілді. Оның ішінде Риддер ЖЭО жөндеуге 7,4 миллиард теңге, гематология орталығының құрылысына 4 миллиард теңге, Марқакөл, Катонқарағай ауданындағы әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеуге 3,8 миллиард теңге, медициналық пунктер салуға 3,8 миллиард теңге жұмсалды, - деді Светлана Большакова.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет: Baigenews.kz
Пікірлер