Белгілі болғандай, қаладағы жер үйлердің бірі өртенген, , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сол үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылған. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұмдардың бастарында кесілген жарақаттар табылған.
Қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды.
- Полиция қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының жеке бақылауында, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Пікірлер