A+ A A-

talgatzhan 36 13-02-2025, 14:25 0

Ауылдағы ақ халаттылардың ахуалы қалай?

Бүгін / Басты / Өзекті мәселе / Алтай / Глубокое / Зайсан

2025 жыл Шығыс Қазақстан облысында «Денсаулық сақтау жылы» болып бекітілді. Халықтың денсаулығы түптеп келгенде аймақтағы денсаулық сақтау саласының жайын көрсетеді. Медицинаға арналған жылға үміт көп. Бас ауырып, балтыр сыздағанда бар ауылға бөлінген бір дәрігерді таппайтын шеттегі жұрт абзал жандарға мұқтаж екені бесенеден белгілі. Кей аудандарда тозығы жеткен медицина мекемелеріндегі қызмет көрсету жайы мен ақ халаттылардың кемшіндігі мәселесі тағы бар. Бұл мақалада биыл әр қала, ауданның медицинасын қандай өзгерістер күтіп тұрғандығын сөз етпекпіз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алтай

Аудан орталығындағы жұрт ем алатын бірден-бір емхана - «Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы». Мұнда қызмет ететін ақ халатттылардың саны – 110, оған қоса 428 орта медициналық қызметкер бар. Десе де ауданда дәрігер тапшылығы басты мәселеге айналған.

- Медицина мамандарының жетіспеушілігі – бүгінде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Жастарға көрсетілетін қолдауға қарамастан, кадр тапшылығын толық шешу мүмкін болмай тұр. Мысалы, Алтай қаласындағы орталық ауруханаға 28 маман қажет.Олар: 12 жалпы тәжірибелік дәрігер, 1 акушер-гинеколог, 1 анестезиолог-реаниматолог, 2 кардиолог, 3 сәулелік диагностика дәрігері,1 невролог, 1 неонатолог, 2 офтальмолог, 2 педиатр, 2 терапевт және 1 травматолог, - деді Алтай ауданы әкімнің орынбасары Жанна Асқарова редакция сұраухатына берген ресми жауабында.

Аудан әкімдігі дәрігерлер үшін қызметтік баспана мен көшіп келуге көмектесетін қаржы бөлуге ниетті екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ кадр тапшылығын азайту мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп жатқандығы белгілі болды. Өткен жылы әлемнің жетекші шетелдік клиникаларында, нақты айтқанда, Түркия елінде «Неонатологиядағы мейіргерлік іс» және «Қазіргі заманғы акушерлік» тақырыптары бойынша алтайлық 2 дәрігер біліктілігін шыңдаған.
«Денсаулық сақтау» жылында аудан бойынша жаңа медициналық нысан салу жоспарда жоқ.

- 2025 жылы «Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде МРТ орналастыру үшін стационар ғимаратына қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізу және стационарға сырғыма баспалдақ орнату жоспарланған. Сондай-ақ биыл бір медициналық мекемедегі мәйітхана ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынады, - делінген мәліметте.

Глубокое

БүгіндеГлубокое ауданында да «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Аудан жоба аясындағы жұмыстарды өткен жылы бастап кеткен. Мысалы 2024 жылы Прапорщиково ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталған.
- 2025 жылы Бобровка, Секисовка, Верхнеберезовка ауылдарында үш дәрігерлік амбулатория, Уварово ауылында фельшерлік-акушерлік пункт, Белокаменка ауылында медициналық пункт құрылысын аяқтау жоспарлануда. Аудандардағы емханаларға жаңа жабдықтар мен функционалдық аппараттар (асқазан көшірмесі функциясы бар цифрлық рентген-аппарат, стационарлық маммограф) орнатылады. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының көмегімен 2025 жылға аудандық аурухананың қасбетін жөндеу және оның аумағын абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, мәйітхананың үй-жайын жөндеуге және 3 орынға арналған тоңазытқыш камерасын сатып алуға қаражат бөлінді. Бұдан басқа, биыл Перевальное ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктінің шатырынжөндеу жоспарға енгізілген. Республикалық бюджеттен «ОНКО» бағдарламасы бойынша бейне-колоноскопты жәнеоныңқұрамдас бөліктерін өңдеу үшін үш секциялы жуу құралын сатып алуға қаражат бөлінді, - дейді Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Елена Старенкова.
Аудан облыс орталығының іргесінде орналасқаннан кейін бе, ауданда кадр тапшылығы айтарлықтай байқалмайды. Белгілі болғандай, аудан бойынша бар-жоғы6бос жұмыс орны бар. Бұлар: 2 жалпы тәжірибелік дәрігер, физиотерапевт, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері, акушер-гинеколог және оториноларинголог.

Зайсан

Облыстағы дәрігер тапшылығы жоқ жалғыз аймақ — Зайсан ауданы. Аудандық ауруханада барлығы 475 адам жұмыс істейді. Оның ішінде дәрігерлер саны - 76, орташа медициналық қызметкерлер саны - 259.

- Жыл сайын Семей медициналық академиясының түлектерімен келісімшарт жасалады. Мекеме әр 5 жыл сайын медицина қызметкерлерін білімін жетілдіру курстарынан өткізіп отырады, - деді аудан әкімінің орынбасары Ришат Рамазанов.

Аудан әкімдігі берген ресми ақпаратқа сүйенсек, Зайсанда «Денсаулық сақтау» жылы атқарылатын жұмыстардың саны да көп, бөлінетін қаржы да қомақты.

- Биылғы жылға Корпоративтік қайырымдылық қоры «Әлеуметтік жобаларды қолдау қоры», «Adamant Group»ЖШС-менқұны 101 млн теңге тұратын «Балтнер II – III 200 ПА» медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға және ұсақтауға арналған қондырғыны алуға келісімшарт жасалды. Сондай-ақ 2025 жылға облыстық бюджеттен жалпы құны 45 717 488 теңге тұратын 4 түрлі медициналық аппараттар алуға қаржы бөлінді. Аудандық аурухана мекемесіне ЭЭГ мен панорамалық рентген аппаратынемхананың өзінің үнемделген қаржы есебіненсатып алу көзделіп отыр, - деді аудан әкімдігінен.
Атаулы жылы Зайсан ауданында салынатын жаңа медициналық нысандар мен жөндеуден өтетін емханалар мыналар:

  • «Ауыл ел бесігі» бағдарламасына сәйкес, Қаратал ауылында құны 510 млн 404 мың теңге тұратын дәрігерлік амбулатория салу жұмыстары басталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2025 жылға бекітілген;

  • Зайсан қаласында 250 адам қабылдайтын емхана салуға қажетті жобалық-сметалық құжатты ЖШС «СМУ-Шығыс» мекемесі меморандум арқылы жүзеге асыруда;

  • Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 2025 жылға 222млнтеңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оның 100 000 млн теңгесі бөлінді. Қалған қаражат облыстың бюджеті анықталғаннан кейін бөлінбек;

  • Аудандық аурухананың хирургия, реанимация, терапия бөлімдеріне күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып, жобалық-сметалық құжаттары дайындалу үстінде;

  • Біржан, Қарабұлақ дәрігерлік амбулаторияларына, Жалши, Тасбастау, Бақасу, Көгедай, Үлкен Қаратал медициналық пункттеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарға алынған.

Дидар ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив