A+ A A-

talgatzhan 31 21-02-2025, 09:15 0

Өскеменнен Алтай кентіне автобус қатынайды

Бүгін / Өскемен / Алтай

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпаратынша, 17 ақпаннан бастап «Өскемен – Алтай» бағыты қайта іске қосылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Автобустың жүру кестесі төмендегідей:

Өскеменнен жолға шығу уақыты: 09:15, 16:00 (Абай көшесіндегі автобекет);

Алтай кентінен жолға шығу уақыты: 06:30, 11:00 (Мира көшесіндегі аялдама).

Ересектер үшін жол жүру ақысы 850 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін 50% жеңілдік бар. «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар, 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар, 1-ші топтағы мүгедектер тегін жүре алады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив