A+ A A-

talgatzhan 31 24-02-2025, 13:40 0

Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты 1 сағатқа шегерілді

Бүгін / Марқакол / Үлкен Нарын

24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында өңірдің табиғи жағдайларына бейімделген жаңа жұмыс уақыты енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Енді жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.

- Бұл өзгерістер таңның ерте атуы мен кешкі батуымен байланысты. Осылайша, тұрғындарға күндізгі уақытты тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беріледі. Шешім жұртшылықпен талқыланғаннан кейін қабылданды. Сондай-ақ облыстық басқарма басшыларынан құралған мобильді топ бұл бастаманы жер-жерде талқылады, - деп хабарлады аудан әкімдіктерінен. 

Айта кетейік, бұған дейін мұндай өзгеріс Катонқарағай ауданында енгізілген. Қазір ондағы 40 мекеме аптасына бес күн сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив