A+ A A-

talgatzhan 34 28-02-2025, 10:10 0

Ай бейнесіндегі ару

Бүгін / Руханият

Қырмызыдай,қызғалдақтай гүл еді,

Жаймашуақ, ашық жарқын жүр еді.

Аласұрыды аттай тулап жүрегі,

Ойда жоқта от басты ма? Кім білсін...

Сәл жабырқау, өңі, түрі, реңі.


Айдай ару, тұнжырады, мұңайды,

Кемсеңдейді, неге үнсіз жылайды?.

Шарасыздан шыңғырғанда шартарап,

Шыңырауға құлдырайды, құлайды.

Тоқымдай бұлт, көлегейлеп тұр Айды.

 

Сабағынан үзілгенде күзгі гүл,

Сол аруға жазғым келді ізгі жыр.

Мақпал түнде, Ай бетінде ажары,

Қызғалдақтай, қыршын кеткен, қыз ғұмыр..! 

 

Мұратқазы Бекішов,

Абай облысы Көкпекті ауданының тұрғыны, ақын.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив