Бүгін Шемонаиха ауданына қарасты ауылдардың маңында мұз жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өзендерде мұзды ұсақтау шаралары басталды.
- Шемонаиха ауданындағы Үбе өзенінде көктем кезінде мұз кептелуінен жағалау маңындағы нысандарды су басу қаупі туындайды. Бұған жол бермеу мақсатында 10 мың шаршы метрден астам аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді, - делінген ресми мәліметте.
Пікірлер