Облыс орталығын түтін тұмшалап тұрғанына 1 наурыз күні тұп-тура 2 апта болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеше қаладағы қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқанына (ҚМЖ) 12 күн болды. Желсіз күн бүгін де жалғасты.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, 28 ақпан сағат 20.00-ден бастап 1 наурыз сағат 20.00-ге дейін Өскеменде екінші дәрежелі ҚМЖ сақталады. Демек, қаланы түтін басып тұрғанына ертең 2 апта болмақ.
Осы уақыт аралығында қаладағы мектеп оқушылары бірде-бір рет онлайн форматқа ауыстырылмады. Бұның себебін «Өскемен тынысы» экологиялық бюросы жобалық кеңсесінің жетекшісі Елена Березинская-Абилова түсіндірген болатын.
Пікірлер