A+ A A-

talgatzhan 31 3-03-2025, 10:20 0

ШҚО-да көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

Бүгін / ШҚО

kgd.gov.kz веб-порталындағы калькуляторды және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында көлік құралдарына салынатын салық сомасын есептеуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзіміне бір ай қалды. Ол 1 сәуірде аяқталады.

- Көлік құралдары салығын e-Salyq Azamat және екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банк бөлімшелері немесе төлем терминалдары арқылы банкоматтар мен төлем терминалдарында банк карталарын пайдалана отырып төлеуге болады, - деді ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш.

Айта кетейік, салыық көлемі АЕК қозғалтқыш қуатына байланысты есептеледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив