A+ A A-

talgatzhan 38 3-03-2025, 15:35 0

Жастарды экологиялық бастамаларға тарту: Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да пікірталас өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жастарды экологиялық бастамаларға тартуға арналған интерактивті пікірталас ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, экологиялық ұйымдар және сарапшылар қауымдастығы қатысты.

«Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы жобалық кеңсесінің жетекшісі Елена Березинская-Абилова жастарды өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге белсенді қатыстыру бойынша өз тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті.

Пікірталасқа ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов, «ECOJER» өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы, «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының мүшесі Виталий Чернецкий, «ECOJER» филиалының экологы, «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының мүшесі Вадим Кушнарев қатысты.

Пікірталас барысында Шығыс Қазақстан облысының экологиясына қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, жастардың тұрақты экологиялық тәжірибелерді дамытудағы рөлі және оларды табиғатты қорғау бастамаларына белсенді тарту шаралары талқыланды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив