
2025 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі 1,5% құрады (2025 жылғы қаңтарда – 1,1%). Ақылы қызметтер – 2,1%, азық-түлік тауарларының бағасы – 1,5%, азық-түлік емес тауарлар 1% өсті, деп хабарлайды Bugara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.
— Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында төлемақы суық суға — 29,2%, орталықтан жылытуға — 6,2%, ыстық суға — 5,3%, домофонға — 4,7%, электр энергиясына 1,8% өсті. Монша қызметтері — 2,1%, дәрігерге алғаш қаралу қызметтері — 1,9%, шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері 1,3% қымбаттады. Азық-түлік тауарларынан баға қиярға — 12,7%, қырыққабатқа — 12,3%, картопқа — 16,4%, қызанаққа — 6,1%, қызылшаға — 5,1%, лимонға– 4,9%, сиыр етіне — 3,7%, сарымсаққа — 3,2%, картопқа, жүзімге — 3,1%, күнбағыс майына — 3%, алмаға — 2,7%, қой етіне 2,3% өсті. Бағаның төмендеуі апельсинге — 2,2%, күрішке — 1,4%, жұмыртқаға — 1,2% қарақұмық жармасына 1% байқалды, — делінген Ұлттық статистика хабарламасында.
Ақпан айында тұрмыстық бұйымдарға баға 2,5%, автомобильдерге — 1,3%, құрылыс материалдарына — 1,1%, киім мен аяқ киімге 1% өсті. Баллондағы сұйытылған газ 10,5% қымбаттады.
Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында — 2,9% (орташа республикалық деңгейден 1,4 п. т. жоғары), ең төмені Абай және Қызылорда облыстарында — әрқайсысында 0,7%-дан тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Шымкент қаласында 3%, азық-түлік емес тауарлар — Маңғыстау облысында 2,5%, ақылы қызметтер — Астана қаласында 4% өсті.
2025 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 9,4% болды. Ақылы қызметтердің бағасы — 14,1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы — 8,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 6,5% өсті.
2024 жылғы ақпанмен салыстырғанда суық суға тарифтер — 70,7%, электр энергиясына — 21%, орталықтан жылытуға — 18,2%, су бұруға — 17,3%, ыстық суға — 14,5%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға — 13,2%, қоқыс шығаруға 11,1% жоғарылады. Теміржол жолаушылар көлігінің қызметтері — 20%, ұялы байланыс қызметтері — 19,5%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері — 18,4%, сәлемдемелер жіберу — 17,7%, дәрігерге алғашқы қаралу қызметі 15,5% қымбаттады.
— Ноутбуктің бағасы — 67,2%, ас үй пеші — 55,4%, сымсыз құлаққаптар — 47,7%, планшет 46,8% қымбаттаған. Бағаның өсуі корвалолға — 33,2%, канефронға 26,9% байқалды. Азық-түлік ішінде картоп — 62,1%, пияз — 27,3%, қырыққабат — 20,2%, сарымсақ — 18,3%, қызылша 15,2% қымбаттаған. Керісінше, қарақұмық жармасы жылдық мәнде — 20,4%, сәбіз — 6,6%, күріш — 5,7%, жұмыртқа 5,3% арзандаған, - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

Руханият

Жұлдыз жорамал

Пікірлер