Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлерде спорттың әр түрінен секция ашу керектігін айтқан болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Президенттің бастамасын қолдаған мәслихат депутаты Шемонаиха ауданының Усть-Таловка кентіндегі «Жұлдыз» спорт клубының базасында Өскемен қаласындағы BarS футбол мектебінің филиалын ашуға ықпал етті. Бұл - аудан жастары үшін теңдессіз мүмкіндік, өйткені енді балалар кәсіби футболмен өз ауылдарында айналыса алады. Себебі BarS – бұл жай ғана футбол мектебі емес. Бұл – ерекше оқыту әдістемесі бар, балалардың спорттық әлеуетін дамытатын, командалық рухты қалыптастыратын, болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін мектеп. Енді 3 жастан бастап балалар футболға кәсіби түрде қатыса алады.
- Кез-келген спорт чемпионы ауылдан шығатындығы анық. Сондықтан да біз өз ауылымыздың балаларының бос уақытын тиімді пайдаланып, спортпен айналысуына жағдай жасаумыз қажет. Аудан тұрғындарыннан кәсби түрде балаларды футболмен жатықтыратын орталық және жақсы жаттықтырушылар болса деген өтініштері бүгін жүзеге асырылып отыр, - дейді «AMANAT» партиясы Шемонаиха аудандық филиалының төрағасы Елена Шабанова.
Бұл бастаманың жүзеге асуына «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Сайлаубек Омаровтың қолдауы зор екендігін баса айта кеткен жөн. Мұндай жобалар – балаларымыздың денсаулығы мен болашағына жасалған маңызды инвестиция. Футбол – тек спорт емес, сонымен қатар тәртіп пен табандылыққа үйрететін мектеп.
Пікірлер