A+ A A-

talgatzhan 31 4-03-2025, 10:20 0

Қазақстандағы халық саны 20,3 миллионнан асты

Бүгін / Республика

Ұлттық статистика бюросы халық саны туралы жаңартылған мәліметтер ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ел халқының саны 20 300 618 адамға жетті, оның ішінде:

Қала тұрғындары – 12 795 502;

Ауыл тұрғындары – 7 505 116.

Айта кету керек, бір ай ішінде Қазақстан халқы 14 534 адамға көбейді.

Сондай-ақ елдегі әйелдер саны ерлерден 462 136 адамға көп екеніне назар аударған жөн:

Әйелдер – 10 381 377;

Ерлер – 9 919 241.

Халқы ең тығыз орналасқан аймақтар әлі де Алматы және Түркістан облысы болып қала береді: онда сәйкесінше 2 297 491 және 2 154 144 адам тұрады.

Өз кезегінде Астана қаласында 1 536 924 адам өмір сүреді. Қазақстанның үшінші ірі қаласы – Шымкент халқы 1 258 878 адамға жеткен.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 желтоқсанына қарай Қазақстан халқының саны 20 265 320 адамды құраған болатын. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай бұл көрсеткіш 20 286 084 адамға жетті.

Фотосурет: Halyq Uni

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив