ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, осы айда бірқатар спорттық шара өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2-5 наурызда Өскеменде жазғы Президенттік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтеді.
2-6 наурызда Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында шаңғымен бағдарлаудан Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты ұйымдастырылады.
5-7 наурыз аралығында облыс орталығында қол күрестен 2002-2006, 2007-2009, 2010 жылы туған және одан кіші ұлдар арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтеді.
8-9 наурыз аралығында Өскеменде грек-рим күресінен 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты ұйымдастырылады.
10 наурызда Күршім ауданындағы Бұқтырма арқылы өтетін көпірдің маңында «Бұқтырма балықшысы» қысқы балықшылар фестивалі өтеді.
11-14 наурыз аралығында Глубокое ауданында спорттық туризмнен Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты ұйымдастырылады.
14-15 наурыз аралығында Өскеменде батут гимнастикасынан жастар арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты ұйымдастырылады.
17-19 наурыз аралығында Өскеменде 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері В.В.Поповтың жүлдесі үшін еркін күрестен облыстық турнир өтеді.
20-24 наурызда Өскеменде 2012-2013 жылы туған мектеп оқушылары арасында облыстық «Алтын шайба» балалар турнирі өтеді.
21-25 наурыз аралығында Өскеменде үш дүркін әлем және Еуропа чемпионы Евгений Паладьевті еске алуға арналған шайбалы хоккейден әуесқойлар арасында аймақаралық ашық турнир өтеді.
25-28 наурызда «Бобровка» шаңғы базасында ХІ облыстық «Сәулетай» балалар спорттық ойындары ұйымдастырылады.
Пікірлер