"Қазгидромет" РМК мамандары республика бойынша алдағы үш күнге – 2025 жылдың 4 наурызы мен 6 наурызы аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Түнде ауа температурасының жоғарылауы күтілуде:
республиканың батысында және солтүстік-батысында 0-8°С дейін;
солтүстікте, орталықта -5-15°С дейін;
шығыста -7-18°С дейін;
оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында -8°С +2°С дейін.
Бұл ретте, гидрометеорологиялық орталықтың хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.
- Жақын күндері республикадағы ауа райын Баренц теңізі аймағынан келетін циклон анықтайды, онда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр және қар) күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, қар жауып, екпінді жел соғады деп болжануда, – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Пікірлер