Облыс орталығында қолданыстағы жаяу жүргіншілер көпірлерін жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде олардың кейбірінің жабындары тозған және сырлауды қажет етеді. Осыған байланысты биыл жөндеу жұмыстары басталып, қажетті шаралар қолға алынуда.
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Сәтпаев даңғылы мен «Даниэль» сауда үйі маңындағы көпірлердің жағдайын тексеріп, алдағы жөндеу жұмыстарының жоспарын талқылады.
Айта кетейік, биыл Есенберлин даңғылында жаңа жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталмақ. Бұл аумақта «жайлы мектеп» ашу жоспарланған, сондықтан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ дәл осындай жаяу жүргіншілер көпірі «Fresh Market» гастрономы маңында да салынады.
Пікірлер