«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында мобильді медициналық кешендер ауыл тұрғындарына диагностикалық қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- 2024 жылы мұндай кешендер 50 мыңнан астам адамды қамтыды. Оның ішінде 4 мыңға жуық бала тексеруден өтті. Барлығы 44 мыңнан астам диагностикалық зерттеу мен 57 мың зертханалық талдау жүргізілді, - деді деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова.
Сондай-ақ өткен жылы 156 мыңнан астам адам тексеруден өтіп, 3 951-інен аурудың бастапқы белгілері анықталды.
- Былтыр бірнеше аудандық аурухана медициналық көмектің екінші деңгейіне ауыстырылды. Бұл жүкті әйелдер мен балаларға қалаға бармай-ақ, жергілікті жерде медициналық көмек алуға мүмкіндік береді, - дейді басқарма басшысының орынбасары.
Айта кетейік, өткен жылы елді мекендерге аса тапшы мамандықтар бойынша 15 дәрігер тартылды. Жас мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие, көтерме жәрдемақы және біржолғы төлем беріледі.
Пікірлер