"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 5 наурызда өңірдің солтүстігі мен шығысында қар мен жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, аймақтың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындардан елді мекендерден тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды.
Ауа-райының қолайсыздығын күту үшін елді мекендерге, жанармай құю бекеттеріне, жол бойындағы дәмханаларға, ұйымдастырылған автотұрақтарға жақын жерде тоқтауға тырысыңыздар.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыздар.
Пікірлер