6-7 наурызда облыс орталығында бірінші республикалық «Ғасырлық дәстүрлер» кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара Халықаралық әйелдер күні мен Жұмысшы мамандықтары жылына орай Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында (Протозанов, 43 көшесі) өтеді.
7 наурызда сәндік-қолданбалы өнер көрмесі мен жәрмеңкенің ашылу салтанатында қолөнер шеберлері өз жұмыстарын ұсынады. Қонақтар шеберлік сабақтарына қатысып, кілем тоқу өнерінің қыр-сырын меңгере алады.
Фестиваль Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шарамен аяқталады. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды табыс етеді.
Пікірлер