A+ A A-

talgatzhan 30 5-03-2025, 14:00 0

Риддерде шаңғымен секіру трамплині салынады

Бүгін / Риддер

К-40 шаңғы трамплинін Матренин Соколок тауының аймағында салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Риддер қалалық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мәліметінше, спорт нысанында шаңғы трамплині, көрермендер трибунасы, спорт алаңдары, таспалы көтергіш, әкімшілік-техникалық ғимарат және автотұрақ болады.

Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу облыстық бюджеттен, ал шаңғы трамплинінің құрылысы республикалық қазынадан қаржыландырылады. Жобаны жүзеге асырудың нақты мерзімі әлі белгісіз.

- К-40 шаңғы трамплині күрделі шаңғымен секіру дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мұнда ересек жастағы спортшылар жаттыға алады. Трамплинді жыл бойы пайдалануға рұқсат етіледі, - дейді Риддер қалалық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Марат Тұңғышбаев. 

Аталған жоба сәтті жүзеге асса, Риддерде шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив