ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2025 жылы жеті учаскеде жарық орнатылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның ішінде Горно-Алтайская көшесі, 28 – 31а, «Ярославец» саяжай қоғамы, Пушкин көшесі («Томирис» дүкенінен) – Сирень бұрылысы, 19-мөлтек аудан, әл-Фараби даңғылы, 32 маңы, Халықтар достығы көшесі, Деповская көшесі, «Звезда» саяжай аумағы бар.
Тұрғындармен кездесулер нәтижесінде тағы 30 учаскеге жарық орнату жоспарланған. Атап айтқанда, Заречный бұрылысы (Сол жағалау мөлтек ауданы), Волжская, Ертіс, Байкал, Свобода көшелері (Согра мөлтек ауданы), Подгорная, Краснодонская, Лесозаводская, Самсоновка, Ульбинская көшесі, Грейдерная көшесінен Абай көшесіне дейінгі айналма жол.
Сондай-ақ депутаттардың тапсырмасымен үш маңызды учаскеде жарықтандыру орнатылмақ: автобекет маңындағы жаяу жүргіншілер жолы («Коммунальник»), Арматура зауытының маңы.
Сонымен қатар биыл 20 білім беру мекемесінде көше шамдары орнатылады. Оның ішінде №1, №3, №4, №9, №12, №14, №19, №20, №24, №26, №27, №29, №30, №34, №43 мектептері және Меновное ауылындағы білм ордасы бар.
Айта кетейік, бүгінде қалада 38 856 көше шамы жұмыс істеп тұр. Оның 22 253-і қала меншігінде, ал 16 603-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында орнатылған.
Пікірлер