A+ A A-

talgatzhan 39 5-03-2025, 16:55 0

ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

Бүгін / ШҚО

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиын барысында «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚ ШҚО филиалында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының" мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру мәселелері қаралды.

Жиынның күн тәртібенді «ҚАЗАВТОЖОЛ» АҚ ШҚО филиалындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барысы мен мемлекеттік қызметтер көрсетуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету шаралары туралы мәселелер қаралды.

Автожол құрылысы мен жөндеу жұмыстары – қоғамда ерекше бақылаудағы салалардың бірі. Отырыс барысында осы саладағы жемқорлыққа қарсы күрес шаралары мен оның тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.

«ҚАЗАВТОЖОЛ» АҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары Сәркен Алтай Елдосұлы мен «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы» РМК ШҚО филиалының бөлім басшысы Мусапыров Саяхат Оралханұлы баяндама жасап, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру және жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КАҚ ШҚО филиалының директоры Азамат Есембулов баяндама жасады. Оның айтуынша, қызметтерді толық цифрландыру, бюрократиялық кедергілерді азайту және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру – басты басымдықтардың бірі.

- Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл бағытта қоғам мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы ерекше маңызға ие. «AMANAT» партиясы халықтың мүддесін қорғай отырып, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге күш салады. Автожол саласы мен мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде жемқорлықты жою үшін тиімді механизмдер енгізіліп, қоғамдық бақылау күшейтілуі тиіс, – деді AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы Дмитрий Сомов.

Отырыс соңында кеңес мүшелері автожол саласында қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және халықтың жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар қабылдады.

«AMANAT» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтықты қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды жалғастыра береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив