A+ A A-

talgatzhan 34 5-03-2025, 17:30 0

Қазақстандықтар арасында атыс қаруының қай түріне сұраныс жоғары

Бүгін / Республика

Қазақстан заңдары бір отбасында неше атыс қаруын сақтауға рұқсат береді? Kazinform Ішкі істер министрлігіне осындай сауал жолдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.

- Заңда бір отбасына қару иелену нормасы қарастырылмайды. Қаруды сатып алу рұқсаты жеке тұлғаға беріледі.

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарудың жалпы саны: аңшылық ойық ұңғылы қаруы – екі бірліктен; тегіс ұңғылы – екі бірліктен; өзін-өзі қорғау қаруы, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы не газды тапаншалар, револьверлер не электрлі қару – екі бірліктен аспауға тиіс, - деп жазылған жауапта.
Сондай-ақ министрлік мамандары қазақстандықтар арасында аң аулауға арналған тегіс ұңғылы атыс қаруына сұраныс жоғары екенін айтады.

- Олардың қандай түрі мен маркалары сұранысқа ие екенін, қару иесінің таңдауына байланысты деп пайымдаймыз. Себебі қару-жарақ дүкендерінде әртүрлі қару үлгілерінің үлкен спектрі ұсынылады, - делінген министрлік мәліметінде.
Осыған дейін елімізде кімдерге үйінде қару ұстауға тыйым салынғаны туралы жазған едік.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив