Қазіргі таңда облыста 165 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Оның тек 21-і ғана экологиялық стандарттарға сай, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Экология департаментінің мәліметінше, 2024 жылы өңірде барлығы 121 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Оның 29 мың тоннасы өңделген. Халықтың 49 пайызы ғана ҚТҚ шығару қызметін пайдаланады.
— 2024 жылы аэроғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша 259 заңсыз үйінді анықталды. Оның 196-сы, яғни 75 пайызы жойылды. Лауазымды тұлғаларға 500 мың теңге айыппұл салынып, бір іс сотқа жіберілді. Өскеменде бірнеше жылдан бері ескі ҚТҚ полигонын жауып, қалпына келтіру және жаңа полигон салу туралы айтылып келеді, - дейді ШҚО Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Азамат Тауырбеков.
Пікірлер