A+ A A-

talgatzhan 34 6-03-2025, 12:35 0

Алтай ауданында полиция бөлімінің бастығы тағайындалды

Бүгін / Алтай

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков жұмыс сапарымен Алтай ауданына барып, жеке құрамға жаңа полиция бөлімінің бастығын таныстырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен бұл лауазымға полиция полковнигі Денис Ерімбесов тағайындалды.

– Денис Масхатбекұлы бұл ауданмен жақсы таныс. Себебі ол қызмет жолын осында бастаған, жағдаймен жақсы таныс. Оған жүктелген басты міндеттердің бірі – қылмыс деңгейін, әсіресе ауыр қылмыстардың санын азайту, халықтың полицияға деген сенімін нығайту, – деді Ерлан Омарбеков.

Сапар барысында атқарылар жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Олардың қатарында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру мәселелері бар. Сонымен қатар түнгі мекемелердің жұмысын қатаң бақылау және кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық шараларды күшейту тапсырылды.

Полиция генерал-майоры «Жаңа Бұқтырма» және Серебрянск қаласына кіреберісте орналасқан полиция пунктіне барып, қызметкерлердің жұмыс орындарын тексерді. 

Сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдап, ішкі істер органдарының ардагерлерін, қоғам белсенділерін және құқықбұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті сақтауда жоғары кәсібилік танытқан қызметкерлерді марапаттады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив