6 наурыз күні Қазақстан көшесі, 118 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан қар құлап, қоршаудың бір бөлігі құлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Анықталғандай, тұрғын үйдің шатыры жөндеуді қажет етеді. Ал баспана өзін-өзі басқару жүйесінде. Яғни, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, оның техникалық жағдайына, соның ішінде шатырды қар мен мұздан уақытылы тазартуға пәтер иелері жауапты.
Осы ретте қала әкімдігінің өклідері тұрғындарды шатырды дер кезінде тазартуға шақырады.
Пікірлер