Облыс орталығында науқастар перзентхананың нәрестелер патологиясы бөлімінде тышқандардың жүргенін көріп, шағым айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Палата ішінде жүрген тышқандарды видеоға түсірген автор мекеме қызметкерлерінен мәселені шешуді сұраған. Бірақ оған ақылы палатаға ауысуды ғана ұсыныпты.
- Бұл бөлімде қаңдай да бір вирус немесе инфекция жұқтырған сәбилер жатады. Баласы ауырған ана жанын қоярға жер таппайтыны анық. Онсызда қаладағы ауа сапасы денсаулығымызға зиян келтіруде. Ал тышқандардың жүруі мүлдем сұмдық жағдай. Олар да инфекция тасымалдауы мүмкін. Жаңа туған сәби жатқан жерде олар болмауы керек қой, - деп жазды видео авторы.
Перзентханада кеміргіштер мен жәндіктермен күресу шаралары үнемі жүргізілетіні белгілі болды.
- Бейсенбі күні дезинфекция мамандары келіп, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Кеше де барлық палата тазаланып, тексерілді, - деп мәлімдеді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Фотосурет: azattyq-ruhy.kz
Пікірлер