A+ A A-

talgatzhan 30 11-03-2025, 17:35 0

Өскеменде төтенше жағдай енгізілгені жайлы ақпарат – жалған

Бүгін / Өскемен

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласында төтенше жағдай енгізілгені туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Желіде тараған ақпаратқа қатысты әкімдіктен ресми жауап берді.

- Дәл қазір қалада төтенше жағдай режимі жарияланған жоқ. Су тасқынының алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ешқандай қауіп жоқ. Желіде таралған құжат – тек жоба. Ол Колхозная және Интернациональная көшелері маңындағы Үлбі өзені жағалауында су деңгейі күрт көтерілген жағдайда ғана күшіне енеді. Аумақ тұрақты бақылауда, - делінген ақпаратта.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі жариялаған құжат заңды күшіне енбеген. Ол жағдай нашарлаған жағдайда алдын ала қабылданған шара ретінде дайындалған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив