A+ A A-

talgatzhan 31 13-03-2025, 09:15 0

Үлкен Нарын ауданында жаңа цех ашылады

Бүгін / Үлкен Нарын

Жеке кәсіпкер Досан Қасенов «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашып, ет өнімдерінің консервілерін өндіру үшін қажетті жабдықтарды сатып алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кәсіпкердің айтуынша, ол күніне 180 келі еттен 600 дана консерві өнімін шығаруға мүмкіндік алады. 

Досан Қасеновтің бастамасы жергілікті экономиканы дамытуға және  ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Жаңа өндіріс жобасы, әсіресе ет өнімдерін өңдеуге бағытталғандықтан, ауыл шаруашылығы саласының дамуына да үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Сонымен қатар бұл кәсіпорын ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуына, жаңа өнім түрлерін шығаруға ықпал етеді.

Үлкен Нарын ауданында іске асырылғалы отырған бұл жобаның нәтижелері жергілікті қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайтуға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив