«Үлкен Ассамблеялық студенттік ойындардың» екінші күні ЭтноGame танымдық ойынына арналды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ойынның мақсаты – Қазақстанда тұратын этностардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау.
Жарысқа сегіз команда қатысты, олардың құрамына оқу орындарының өкілдері мен «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының мүшелері енді.
Ойын басталар алдында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының төрағасы Равиль Юнусов қатысушыларды ережелермен таныстырды.
Негізгі мақсат – арнайы карталарды жинап, жылдамдық пен білімділікті көрсету.
Ойын барысында қатысушылар әртүрлі этностардың дәстүрлерімен, ұлттық киімдерімен, тағамдарымен және тұрмыстық заттарымен танысты.
Жеке есептегі жеңімпаздар:
1 орын – Балым Мұратханова (Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Абай атындағы)
2 орын – Еркежан Мұхтарханова (Қазақстан-Американдық еркін университеті)
3 орын – Айша Танаш (Шығыс Қазақстан өнер училищесі)
Ұйымдастырушылар қатысушылардың жоғары деңгейде дайындалғанын және әртүрлі халықтардың мәдениетіне деген қызығушылығын ерекше атап өтті.
Пікірлер