Қазақстанда соңғы бір жылда ет және ет өнімдерін тұтыну бағасының индексі өсуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақпан айында ет өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға қымбаттады. Соңғы бір жылда сиыр етінің бағасы 7,9%-ға, құс етінің бағасы 6,2%-ға артты. Басқа ет түрлерінің құны 4%-ға дейін өсті.
Ет қымбат сиыр еті Ақтау мен Жезқазғанда (келісі 3,1 мың теңге) сатылады. Астана, Көкшетау және Өскеменде сиыр етінің келісі 3 мың теңге тұрады. Ал ең төменгі баға Түркістан мен Ақтөбеде тіркелген (келісі 2,5 мың теңге).
Пікірлер