Облыс орталығында Күршім ауданының ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған шара 15 наурыз сағат 09:00-де Жібек Жолы, 44 мекенжайындағы «Алтай» көтерме және бөлшек сауда орталығы аумағында өтеді.
Онда шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал сынды экологиялық таза өнімдері арзан бағада сатылады. Сондай-ақ аудан өнерпаздары мерекелік концерт ұйымдастырмақ.
Пікірлер