A+ A A-

talgatzhan 30 14-03-2025, 18:00 0

Ұлан ауданында Амал мерекесі өтті

Бүгін / Ұлан

Бүгін Қасым Қайсенов кентіндегі Мәдениет үйінде Көрісу күні — Амал мерекесі атап өтілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұйымдастырылған шара кент тұрғындарының бір-біріне деген татулығын көрсетті. Көптен көріспеген ата-әжелер бір-бірімен төс қағыстырып, амандық-саулық сұрасты. Ақ жаулықты әжелер кішкентай бүлдіршіндерге аталған мерекенің маңызын түсіндіріп, тәрбиелік тұрғыда берері зор екенін айтты. Көктемгі мерекелік концертте жергілікті өнерпаздар жырдан шашу шашып, балалар да өз өнерлерін ортаға салды. 

- Бүгін  ауданымызда мерекеге орай ұлан-асыр той өтіп жатыр. Дүбірлі думанға  аудан әкімі де қатысып, халықпен бірге құрбан шалды. Таң атысымен мектептерді аралап, оқушылар мен ұстаздарға таңғы көңіл күй сыйладық,- деді Ұлан ауданы Әжелер алқасының төрағасы Гүлнар Нұрмұхамбетқызы.

Айта кетейік, мұнда концерттік бағдарламадан бөлек, қазақтың ұлттық ойындары да дәріптелді. Оның ішінде асық пен бес тас ойынының артықшылығы түсіндірілді. Сондағы үлкендер қатысушы балаларға асық пен бес тасты қалай ойнау керектігін көрсетті.

Кеш соңында ата-аналар бір-біріне өздерінің жылы лебізін білдіріп, ауыл ақсақалы келушілерге ақ батасын берді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив