A+ A A-

talgatzhan 1 18-03-2025, 09:40 0

Елде қанша автокөлік бар

Бүгін / Республика

149,2 мың автокөлік құралдары ақпан айында есепке қойылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.

 2025 жылғы ақпанда 149,2 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2% артты, — делінген хабарламада.
Оның ішінде жеңіл автомобильдер саны 8%, жүк автомобильдері 26,2% артты, ал автобустар 6,8% кеміді.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5791,7 мың болды, оның ішінде 88,1% жеңіл автомобильдер, 9,9% жүк автомобильдері және 2% автобустар.

Айта кетелік жеке адамдар автокөлік пен жылжымайтын мүлікті лизингке ала алатыны туралы жазған едік.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив