A+ A A-

talgatzhan 0 18-03-2025, 16:30 0

Былтыр Қазақстан қанша тонна ет экспорттады

Бүгін / Республика

Елімізде өткен жылы 1 млн 235 мың тоннадай ет өндіріліп, оның 102 мың тоннасы экспортталған. Бұл туралы Kazinform агенттігі жолдаған сауалға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми жауабында айтылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.


 2024 жылы ішкі нарықта ет өнімдерін өткізу көлемі келесідей:

- сиыр еті – 419,6 мың тонна;

- жылқы еті – 173,7 мың тонна;

- қой мен ешкі еті – 131,3 мың тонна;

- шошқа еті – 57,8 мың тонна;

- құс еті – 452,4 мың тонна.

Жалпы мөлшері 1 234,8 мың тонна ет өндірілді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ведомство 2024 жылы елден шығарылған ет көлемін де мәлімдеді. 

— 22,1 мың тонна ірі қара мал еті шығарылды, оның ішінде негізгі импорттаушы елдер: Өзбекстан – 20,7 мың тонна, Тәжікстан – 609 тонна, Иран – 298,4 тонна, Қырғызстан – 295,0 тонна. 

17,6 мың тонна қой еті шығарылды, оның ішінде негізгі елдер: Өзбекстан – 13,8 мың тонна, ОАЭ – 1,2 мың тонна, Иран – 1,1 мың тонна. 

0,2 тонна жылқы еті Ресей Федерациясына экспортталды.

42 мың тонна тауық еті шығарылды, оның ішінде негізгі елдер: Ресей – 25,7 мың тонна, Қырғызстан – 12,5 мың тонна, Өзбекстан – 1,6 мың тонна, Тәжікстан – 1,5 мың тонна. 
20 тонна шошқа еті Армения еліне экспортталды, - делінген жауапта.
Айта кетейік, былтыр жыл соңында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов елімізден Қытай, Түркия және Еуропа елдеріне ет экспорттау басталатынын айтқан болатын. 


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив