ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов Үбі арқылы өтетін көпір құрылысы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1962 жылы салынған ескі көпір қазір апатты жағдайда тұр. Ұзындығы 227,78 метрді, биіктігі 7,65 метрді құрайды. Жаңа көпір іске қосылғаннан кейін ол бөлшектелетін болады.
Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталуда, лдын ала құны 8,5 млрд теңгеге жетті. Соңғы сомасы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады.
Анықталғандай, жаңа көпірдің ұзындығы 242 метрге жетеді. Екі жолақты, әр жолағы 2,5 метр. Сондай-қа 2,2 метрлік екі жаяу жүргіншілер жолы болады.
Құрылысты екінші жартыжылдықта бастау жоспарланып отыр, жалпы мерзімі – 29 ай.
Пікірлер