A+ A A-

talgatzhan 30 19-03-2025, 12:15 0

Өскеменде 1 сәуірден бастап ONAY іске қосылады

Бүгін / Өскемен

Жолаушылар тасымалын басқару орталығының мәліметінше, жол жүру ақысын төлеу жүйесі 31 наурыздан 1 сәуірге қараған түні вуыстырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Балансында қалған қаражаты бар Oskemencard карталарын 1 сәуірден кейін Жібек жолы, 3 және Қазақстан, 154 мекенжайына барып, қолма-қол ақшаға айырбастауға болады.

Жаңа карталардың құны 800 теңге тұрады. Ол бірқатар сауда нүктесінде сатылады. Сондай-ақ пластикалық картаны алмай-ақ, виртуалды картаны пайдалануға болады. ONAY қосымшасындағы QR кодын пайдаланып, кез келген банк арқылы жол ақысын төлеуге мүмкіндік бар.

Жеңілдікке ие адамдар картаны алу үшін өтініш пен құжаттарды Шәкәрім, 149/10, Жібек жолы, 3 немесе тұрғылықты жері бойынша аумақтық басқару орталығына тапсыру арқылы жүгінеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив