Қалалық ортаны дамыту және тұрғындарға қолайлы демалыс жағдайын жасау мақсатында қаланың әртүрлі бөліктерінде бірнеше қоғамдық кеңістік құрылады. Осыған байланысты Өскемен қаласының әкімі жаңа қоғамдық орындар салу жоспарланған аумақтарға барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Маңызды нысандардың бірі – Согра шағын ауданындағы саябақ. Мұнда балалар және спорт алаңдары, демалыс аймақтары салынып, жарықтандыру орнатылады.
Сондай-ақ ШҚТУ, Меновное, Лихарев, Куленов және Вокзал аумағындағы саябақтар абаттандырылады. Бұл аумақтар қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып ретке келтіріледі. Жайлы демалыс аймақтары, жарықтандырылған жолдар, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жолдар асфальтталады. Қосымша демалыс орындары пайда болады, сондай-ақ заманауи сәулеттік нысандар орнатылады. Мұнда балалар ойын алаңдары, воркаут аймақтары, футбол, баскетбол және волейбол алаңдарын салу да қарастырылған.
Бұдан бөлек, қалада бірегей көпір асты кеңістігі пайда болады. Оған көрермендерге арналған трибуна, балалар ойын алаңдары, фитнес-аймақ және баскетбол, скейт алаңдары кіреді.
Кеңістікті құру арқылы бұқаралық спортты насихаттауға және күнделікті дене жаттығуларымен еркін айналысуға баса назар аударылды. Спорт алаңдарында муралдар салынады, сонымен қатар фуд-корттар орнатылады. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камераларын қойлады. Кешенді көгалдандыру да қарастырылған.
Пікірлер