A+ A A-

talgatzhan 31 19-03-2025, 14:20 0

Өскеменде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы іске қосылды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, денсаулығын нығайту және олардың әлеуетін дамыту мақсатында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ашылу күні орталыққа шолу экскурсиясы ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары мен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Орталықта түрлі бағыттағы іс-шаралар қарастырылған: дене шынықтыру, зияткерлік жаттығулар, шығармашылық үйірмелер мен әлеуметтік жобалар. Мұнда қолөнер және қолданбалы өнер кабинеттері, арт-терапия, емдік дене шынықтыру, музыка сабақтары өтетін бөлімдер, сондай-ақ жайлы демалыс аймағы бар. Әрбір келуші өзіне ұнайтын іспен айналысып, жаңа достар тауып, белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік алады.

Орталықта ұлттық дәстүрлерді сақтау мен дәріптеуге ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, қолөнер кабинетінде киіз басу өнеріне арналған сабақтар өтеді.

Ал зияткерлік бөлімде шахмат сабақтары өткізіліп, қатысушылар стратегиялық ойлау дағдыларын дамытып, достық кездесулерде бақ сынай алады.

Орталықтың миссиясы – егде жастағы адамдарды мәдени, шығармашылық, спорттық және қоғамдық өмірге белсене тарту, олардың жаңа жетістіктерге жетуіне және жарқын сәттерді бастан кешуіне мүмкіндік жасау.

Іс-шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов, ардагерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері және басқа да қонақтар қатысты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив