A+ A A-

talgatzhan 33 19-03-2025, 16:50 0

Өскеменнен Риддерге Тарханка арқылы баратын жол салынады

Бүгін / Өскемен / Риддер

Республикалық маңызы бар Өскемен – Риддер – РФ шекарасы тасжолының ұзындығы 105 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өскемен – Тарханка – Топиха – Черемшанка тасжолы пайда болғаннан кейін Риддерге дейінгі қашықтық 43 шақырымға қысқармақ. Осылайша, маршруттың жалпы ұзындығы 62 шақырымды құрайды.

Ол үшін Топиха мен Черемшанка арасында 9 шақырымға жететін жаңа тасжол салып, екі көпірді қалпына келтіру қажет. 

Бұл жұмыстармен «Kurylys Group RK» ЖШС айналысатын болды. Ал жобаның жалпы құны 38,6 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі таңда республикалық бюджеттен қаржыландыру мәселесі пысықталуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив