Бұл туралы қала әкмдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
21 наурыз күні Республика алаңында «Киіз үй қалашығын» орнату жұмыстарына байланысты сағат 05:00-ден бастап келесі көшелерде көлік қозғалысы уақытша жабылады:
Қазақстан көшесі (М. Горький көшесінен Қ. Қайсенов көшесіне дейін);
М. Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Қазақстан көшесіне дейін);
«Sulpak» дүкені бойындағы жол өткелі.
Сонымен қатар 21 наурызда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін мерекелік іс-шаралардың дайындығына байланысты келесі аумақтарда қозғалыс шектеледі:
С. Нұрмағанбетов көшесі (Чехов көшесінен Қазақстан көшесіне дейін);
Қазақстан көшесі (С. Нұрмағанбетов көшесінен М. Горький көшесіне дейін);
М. Горький көшесі (Қазақстан көшесінен Пермитин көшесіне дейін).
22 наурыз күні сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін Республика алаңында келесі көшелер жабылады:
Қазақстан көшесі (Қ. Қайсенов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін);
М. Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін);
С. Нұрмағанбетов көшесі (Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін).
«Sulpak» сауда үйі маңындағы Қазақстан көшесіндегі шаруашылық жолында:
Қ. Қайсенов көшесінен М. Горький көшесіне дейін;
Тоқтаров көшесінен Қазақстан көшесіне дейін.
22 наурыз күні сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Достық үйі аумағында:
«Элегант» дүкені маңындағы жол өткелі (Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейін).
Пікірлер