21 және 22 наурыз күндері қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
21 наурызда «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында (Жібек жолы, 44), 22 наурызда «Sulpak» дүкеніне қарама-қарсы Республика алаңында тұрғындар тиімді бағамен азық-түлік өнімдерін сатып ала алады.
Жәрмеңкелер сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін жалғасады.
Пікірлер