A+ A A-

talgatzhan 0 20-03-2025, 14:00 0

ШҚО-да 120 домбырашы бір мезетте күй орындады

Бүгін / Республика

Өскеменде 120 домбырашы бір уақытта күй шертіп, қала тұрғындары мен қонақтарын таңдай қақтырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Облыс орталығында наурызға байланысты өтіп жатқан мерекелік шаралар легі толастар емес. Солардың бірі ретінде орталықтағы «ADK” сауда үйінде жүз жиырма оқушы бір деммен күй орындап, келушілердің көз айымына айналды. Олар қазақтың ұлттық аспабымен Исрайыл Сапарбайдың «Ер тұран» және халық арасында кеңінен тараған «Тепеңгөк» күйлерін шертті. Шараға қаладағы үш мектептің оқушылары мен ағайынды «Абдуллиндер» мектебінің шәкірттері қатысты. Өткізілген шараның негізгі мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойына қазақилықты сіңіру. Жастарды рухани-адамгершілік пен мәдениетін дәріптеп, патриотизмге тәрбиелеу. 
Мұнда қатысушы балалардан бөлек, олардың жетекшілері мен ата аналары да келіп, оқушыларға қолдау көрсетті.
Айта кетейік, жиырмасыншы наурызға орай өткен бұл челлендж республиканың барлық аудан, қалаларында өтікізіліп жатыр. Флешмоб облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив