A+ A A-

talgatzhan 64 20-03-2025, 17:25 0

Өскеменде тоғызқұмалақтан турнир өтті

Бүгін / Республика

Наурызнама он күндігінің жетінші күні 20 наурыз «Ұлттық спорт» күні ретінде атап өтілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған орай  Пушкин атындағы кітапханада тоғызқұмалақтан жасөспірім ұлдар мен қыздар (9 жас) арасында Өскемен қаласының жекелей біріншілігі өтті.
Турнирдің мақсаты:
-Ұлттық ойын тоғызқұмалақты насихаттау;
-Тоғызқұмалақшылардың шеберліктерін шыңдау;
-Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
-Облыстық, Республикалық біріншілікке тоғызқұмалақшыларды  іріктеу.
Турнирге Өскемен қаласы мектептерінің оқушылары қатысты. Жеңімпаздар жекелей есеппен ҚР Тоғызқұмалақ Федерациясы бекіткен тоғызқұмалақ ойынының ережелеріне сәйкес анықталды.
I орын  – Жакашев Батыркан (№50 мектеп), Елдосқызы Райана (№14 мектеп);
II орын – Жанабыл Султанали (№45 мектеп), Нургабден Нурай (№35 мектеп);
III орын – Жанабыл Асанали (№45 мектеп), Серикбеков Али (№24 мектеп);
Толеуова Аружан (№24 мектеп), Сайлаубаева Адель (№24 мектеп).
Жеңімпаздар арнайы медаль, дипломдармен  марапатталса, қалған қатысушылар қатысқаны үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив