A+ A A-

talgatzhan 30 22-03-2025, 16:00 0

Өскеменде Наурыз мейрамы атап өтілді

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы Достық үйінің алдында Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ғимарат алдында киіз үйлер тігіліп, ұлттық стильдегі көрме көпшілікке ұсынылды. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, Наурыз мейрамын тойлауға барлық этономәдени бірлестік өкілдері қатысуда.

— Бүгін барлық қазақстандық Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтуде. Игі дәстүрден біз де қалыс қалмадық. Шараның басты ұйымдастырушылары - Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы, Ішкі саясат басқармасы мен “Казцинк” компаниясы. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, спорттық сайыстар, балаларға арналған ойындар, конкурстар мен сыйлықтар дайындалды. Сахна төрінде түрлі ұлт өкілдері ән мен биден шашу шашып, жиналғандарды мейраммен құттықтауда, - дейді Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Равиль Юнусов.

“Казцинк” ЖШС Әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазаревтің айтуынша, әз-Наурыз қарсаңында компания екі бірдей іс-шараны ұйымдастырып отыр.

— Кәсіпорындағы барлық бөлім қызметкерлері өз өнерлерін паш етіп, дастархан жайды. Осы ретие әр ұлттың ерекшеліктері көрсетілді. Сондай-ақ Достық үйімен де бірлесе отырып, өскемендіктерге мерекелік бағдарлама ұсынудамыз. Наурыз мейрамы қарсаңында әр шаңыраққа құт-береке тілеймін! - деді Андрей Лазарев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив