A+ A A-

talgatzhan 37 25-03-2025, 16:15 0

Өскеменде автобустарға бейнекамералар қойылады

Бүгін / Өскемен

Олар ШҚО Полиция департаменті Жедел басқару орталығының жүйесіне интеграцияланады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тиісті тапсырманы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «ONAY!» халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуында берді.

Қала ішінде қатынайтын жаңа автобустарда қазірдің өзінде сегіз камерадан орнатылған, сондай-ақ мұндай бақылау жүйелері басқа да көлік құралдарында бар.

- Камераларды Жедел басқару орталығының жүйесіне қосу құқық қорғау органдарына ақпаратты жедел түрде жеткізуге, бұзақылық әрекеттерге шұғыл әрекет етуге және қоғамдық көліктегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті аймақ басшысы. 

Бұл жобаны іске асыру жұмыстары жақын арада басталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив