A+ A A-

talgatzhan 38 26-03-2025, 10:05 0

Өскеменде орталық көшелерді абаттандыру жалғасуда

Бүгін / Өскемен

Қаланың сәулеттік-көркемдік келбетін қалыптастыру мақсатында орталық көшелерді кешенді абаттандыру жобасы әзірленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ол Чехов, С. Нұрмұхамбетов көшелері, Шәкәрім және Абай даңғылдары, Қазақстан, Крылов, Қ.Қайсенов, Қабанбай батыр, Гоголь және Теміржолшылар көшелерін қамтиды.

Кешенді абаттандыру жобалары қалалық ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар шараны қарастырады: ғимараттардың қасбеттерін түрлі түске бояу, кіреберістерді ретке келтіру және кедергісіз орта қалыптастыру ұсынылады. 

Сондай-ақ маңдайшаларды біріздендіру, қасбеттерді безендіру, түнгі уақытта сәулеттік жарықтандыру ұйымдастыру, ғимараттарға іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив