Қалада 21-31 наурыз аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Учаскелік полиция инспекторлары түнгі уақытта қоғамдық орындарда заңды өкілдердің еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандарды анықтау, ішкі істер органдарында есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен отбасылардың тұрғылықты жерін, тұрмыстық жағдайын тексеру, заңды өкілдермен әңгімелесу, заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда заңды шаралар қабылдау мақсатында рейдтер ұйымдастырады, – делінген Өскемен қаласы полиция басқармасының ақпаратында.
Пікірлер