A+ A A-

talgatzhan 30 26-03-2025, 16:00 0

ҰБТ: түлектер көбіне қай пәнді таңдаған

Бүгін / Республика

Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Наурыз айындағы ҰБТ басталғалы бері 88 мыңға жуық адам тест тапсырды.

Оның ішінде: 

талапкерлердің 72%-ға жуығы шекті балл жинады;

орташа балл — 65 балл (бес пән бойынша);

ең жоғары балл — 139 балл;

ерекше білім беру қажеттілігі бар 232 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 121 адамның нәтижесі жойылды. 

тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 43 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды; 

тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 55 адам шығарылды;

бейнежазбаларды қайта қарау нәтижесінде 23 адамның нәтижесі жойылды;

бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

— Қатысушылардың 18,1%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 14,8%-ы «Биология-Химия», 12,6%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған, — делінген Ұлттық тестілеу орталығы хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айындағы ҰБТ 6 сәуірге дейін өтеді.

Айта кетелік 163 мың адам наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген еді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив